» » Қазақстанда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

 
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес Қазақстанның барлық аймақтарындағы кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасын іске асыру шарасы кеңейтілетін болады.

Атап айтқанда:

йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; спа-орталықтары; сауна, бассейндер;
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар;

асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум;
марафондар; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы; Алматы қаласының әуежайы;
Шымкент пен Түркістан қаласының (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) және 2021 жылғы 7 маусымнан бастап Ақтау мен Қостанай қаласының әуежайы;
лотерея клубтары мен лотерея сататын өзге де орындар Ashyq жобасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар жаңа қаулыда Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын іске асыру алгоритмі және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер анықталған кезде шара қолдану туралы да айтылған.
Сондай-ақ, қатысушыларды Ashyq жобасынанан шығару тәртібі де қаулыда жазылған.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан мен Алматы және Шымкент қаласының көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлері төмендегідей талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі керек:
Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлерінің сақталуын бақылау;
Ashyq жобасына қатысушылардың өтініштерін аймақтық кәсіпкерлік палаталарда қарау сатысында үйлестіру;
Ashyq жобасын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптардың бұзылу фактілері бойынша және шектеуші және карантиндік шараларды бұзған адамдарға қатысты жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және толық мәтінмен мына сілтемеге өтіп танысуға болады.
23 мамыр 2021 ж. 300 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930