Аптап ыстық, шаңды дауыл: Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жексенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Атап айтқанда, күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-18 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда 38-42 градус қатты ыстық болжанады.
Батыс Қазақстан облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.
Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші жекелеген аумақтарда 15-20 м/с болады. Күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.
Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз Қостанай облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 25 м/с кжетеді. 35-36 градус ыстық болжанады.
Күндіз 23-25 мамырда Жамбыл облысында тауда найзағай, бұршақ күтіледі. 23-25 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.