Каналға батып кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды
Қызылорда қаласында каналға суға батып кеткен сегіз жастағы ұл баланың денесі табылды.
Оқиға облыс орталығына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде 25 мамырда кешкі сағат 20.30 шамасында болған. Сол уақытта туысымен егістікті суару каналы үстіндегі жүргіншілер көпірінде ол а байсызда құлап , каналға суға батып кеткен.
Құзырлы сала мамандары оның денесін екі күннен астам уақыт бойы іздестірді. Нәтижесінде бүгін сағат 16.39-да денесі табылды. Іздестіру шараларына барлығы 111 адам мен 9 техника қатысты. Оның ішінде 64 адам (5 техника) облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен оған қарасты мекемелерде қызмет атқарады.
«Негізі аталған көпір адамдардың жүруіне арналмаған. Ол су щаруашылығы мекемесінің су өлшеуі үшін жасалған. Бала сол жерге су алу мақсатында барған. Қолындағы ыдысы каналға түсіп, соны алуға ыңғайланған сәтте құлап кеткен. Облыста жыл басынан бері 14 адам суға кетіп, қайтыс болды. Оның 9-ы кәмелетке толмаған», – деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров.
Облыс аумағында 19 ірі канал, 220 шағын канал, 207 көл орналасқан. Жалпы 64 жабдықталмаған учаске қауіпті саналады.
«Бүгінде 65 ескерту тақтайшасы орнатылды. Бұл жұмыстар жалғасады. Қайғылы жағдайдың негізгі себебі – қауіпсіздік шарасын сақтамағаннан. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы болып отыр. Біздің тарапымыздан азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілуде», – деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.
Әділжан ҮМБЕТ.