» » Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап кетті

Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап кетті

Қызылордада бес адам мінген көлік каналдағы суға құлап, бір адам көз жұмды.

Оқиға бүгін, 17 мамырда сағат 04.50 шамасында болды. Сол уақытта бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кетті.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түскен аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек 4 жолаушы болғаны анықталды. Олар жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті.

Ал оқиға орнында жүргізушінің көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды», – деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

17 мамыр 2021 ж. 9 992 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 190

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031