» » Құрметті кент тұрғындары!

Құрметті кент тұрғындары!

2021 жылдың 3 маусым күні сағат 09.30-12.00 аралығында Жалағаш кенті, Шаменов көшесі бойында орналасқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейі ғимараты аумағында «Антитеррор - 2021» атты оқу-тактикалық жаттығу өткізілуде.

Осыған орай, аталған мектеп-лицейінің аумағында қоршап алу шаралары қабылданып, тұрғындардың еркін қозғалысына шектеу қойылатындығын назарларыңызға саламыз.

Сондықтан, оқу-жаттығу өтіп жатқан аумақта сабырлық сақтап, түсіністікпен қарау қажеттігін және шектеу аумағына оқу-жаттығу уақытында кіруге тыйым салынатындығын ескертеміз.

Аудандық терроризмге қарсы
жедел штаб қызметі
03 маусым 2021 ж. 277 0