АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРЛАН БАКИРОВ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бакиров Жалағаш кентіндегі және Ақсу ауылындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау алып, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлік нысандардың және жеке қаражаты есебінен кәсібін бастап, жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
Ең алдымен Ерлан Әмірханұлы "Нұрай" тәттілер әлемінің жұмысымен танысты. Жас кәсіпкер Айзат Момынтаева қазіргі таңда 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жалағаш ауданынан және көрші Сырдария, Қармақшы аудандарынан, Қызылорда қаласынан да сұраныстар бар екендігін айтты. Жобаны 2017 жылы қолға алып, қазіргі таңда кеңейту мақсатында «Қызылорда ӨИО» МҚҰ» ЖШС арқылы 5,0 млн теңге несие алуға жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімінің орынбасары одан кейін полистиролбетон құрылыс жабдығын өндіру кешенімен танысты. Полистиролбетонның негізгі ерекшелігі жылу өткізгіштігі төмен, яғни үйіңізде жылу жүйесі сөніп қалса, үй температурасын ұзақ сақтайды, ылғалды мүлдем тартпайды, отқа төзімді, өте мықты,- деді жас кәсіпкер Ермак Қанат. Ол жеке қаражаты есебінен өзінің қызығушылығымен осы кәсіпті қолға алған. Жоба құны 5,0 млн теңге.Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бакиров жас кәсіпкерге қашан да қолдау білдіруге дайын екендігін, алдағы уақытта өзге қалаларға, аудандарға барып тәжірибе алмасуға болатынын айтты. Бір күнде 200 полистиролбетон өнімін шығаруға толық негіз бар дейді өнім иесі. Сонымен қатар 1 дана полистиролбетон 17 дана күйдірілген кірпішке тең екенін айтты. Жоба толық қуаттылыққа шыққанда 4 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Ерлан Бакиров Ақсу ауылындағы брусчатка жасайтын кәсіпкер Марат Шілдебаевтың жұмысымен танысты. Ол Ақсу ауылынан брусчатка өнімдерін өндіру үшін 2020 жылы «Қызылорда ӨИО»МҚҰ»ЖШС арқылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасымен 8,0 млн теңге несие алып, қажетті құрал жабдықтар сатып алған.
Ерлан Әмірханұлы Жалағаш кентіндегі мүмкіндігі шектеулі жан Манарбек Қожахметовтың массаж салонымен, жас кәсіпкер, қолөнер шебері Жылбек Қуаныштың жұмыстарымен танысып, кәсіпкерлерге аудан тарапынан қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Шағын және орта бизнес иелеріне жұмыстарды одан әрі жандандырып, өнім көлемін арттыра отырып, шығарылатын өнімдерді сапалы әрі стандартқа сай етіп өндіру қажеттігін баса айтты.