КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
20 тамыз күні облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов ауданымызға іс-сапармен келіп, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бәкіровпен бірге Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасына енгізіліп іске асырылып жатқан бірнеше кәсіпкерлік нысандардың жұмысымен танысты.
Атап айтқанда, Ақсу ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Толғанай Жұмабекқызының 1000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңы мен ет өңдеу цехы және жеке кәсіпкер Мұрат Елеусіновтің тәулігіне 30 тонна күрішті ақтау және жем өндіру цехының құрылыс жұмыстарымен танысып, Жалағаш кентіндегі жеке кәсіпкер Нұржан Ералиевтің балық өнімдерін өңдеу цехы, «Өркен Әлем» ЖШС-нің броньды кеудеше, арнайы киімдер және әскери каска дайындау цехы және кент орталығындағы «Бибігүл ана» сауда орталығы мен «Arzanpharm» дәріханасына барып азық-түлік пен дәрі-дәрмектің бағаларымен танысты.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің мәжіліс залында кәсіпкерлермен кездесті. Мемлекеттік бағдарлама туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.