» » АҚСУ АУЫЛЫНДА КҮРІШ АҚТАУ ЦЕХЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

АҚСУ АУЫЛЫНДА КҮРІШ АҚТАУ ЦЕХЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Өз кәсібін ашып, өндіріс аясын ұлғайту мақсатында Ақсу ауылдық «Беркімбай кәлпе» кесенесіне баратын автомобиль жолы бойынан «Бірлік Агро» шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер Мұрат Елеусінов өз қаражаты есебінен, жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын күріш ақтау және құрама жем өндіру цехының құрылыс жұмыстарын бастады.
Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде ауылдық округ аумағынан цехқа көлемі 3 гектар жер табысталды.
Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қазан айында аяқталып, цех тәулігіне 10 тонна күріш салысын ақтайды деп күтілуде.
Жоба толығымен жүзеге асқаннан кейін ауыл азаматтары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
07 тамыз 2020 ж. 413 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930