» » Алдағы үш күнде ауа райы салқындайды

Алдағы үш күнде ауа райы салқындайды

Синоптиктер 10-12 маусым аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оңтүстік өңірдегі отырықшы циклон Қазақстан аумағынан кетуге асығар емес, алдағы үш тәулікте еліміздің біраз аймағында жаңбыр жауады. Орталықта және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауып, жел күшейіп, оған қоса бұршақ болуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірде шаңды дауыл болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Айта кетерлік жайт, келесі суық скандинавиялық антициклон арқылы республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде ауа температурасының төмендеуіне ықпал етеді.

Бұл аймақтарда термометр көрсеткіші түнде 2-10 градусқа дейін, күндіз 15-20 градусқа дейін, оңтүстік бөлікте 7-18 болса, күндізгі уақытта 22-35 градус аралығында жылы болады.

Ал, еліміздің батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23, күндіз 25-37 градус аралығында өзгереді.



09 маусым 2021 ж. 181 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930