» » Қызылордада ауыл кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды

Қызылордада ауыл кәсіпкерлерінің 143 жобасы мақұлданды

Сыр өңірінде «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы ауыл кәсіпкерлерінің стартап жобаларына несие беру жұмыстары жолға қойылған. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызы баспасөз конференция барысында аймақтағы кәсіпкерлік саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Әдетте банк тарапы қызығушылық таныта қоймайтын жобаларға жергілікті билік тарапынан қолдау күшейген. Бір жыл ішінде ауылдағы кәсіпкерлердің 143 жобасын мақұлданған. Қолдау тапқан кәсіп түрлері негізінен мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, балық өсіру және қызмет көрсету саласына бағытталған.

Ерекше айтуға болады, Сыр елінде 5 жылдан бері кәсіпкерлерді демеуге арналған «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы жұмыс істеуде. Осы кезге 2000-ға жуық кәсіпкерлік жобаларға 8 миллиардтан астам теңгеге несие берілген.
Еске салайық, Қызылорда облысында 2021 жылдың 5 айында кәсіпкерлік субьектілерінің саны 7,3 пайызға өскен.
10 маусым 2021 ж. 131 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930