» » Ауылдан балалар ойын алаңы ашылды

Ауылдан балалар ойын алаңы ашылды

«Бар жақсылық – балаларға». Кеңес кезеңіндегі осы бір жақсы ұран бүгін қайта жаңғырды. Дұрысы – елдің ертеңін, жас ұрпақты ойлайтын атымтай азаматтар осы бір жақсы үрдісті жалғастырып келеді.

Жақында Темірбек Жүргенов атын­дағы ауылда балалар ойын алаңы ашылды. 1 маусым – халықаралық ба­­лаларды қорғау күні пайдалануға бе­рілген бұл ойын алаңы аталған ауыл­­­дың бүлдіршіндерін қуанышқа ке­нелтті. Бұрын құм үстінде асыр салып ойнайтын балалар енді ауыл орталығындағы осы алаңқайға жиі жи­налады.

450 шаршы метр аумаққа ор­на­ласқан алаңда балалармен бірге ере­сектерге де бір сәт бойларын сергітіп, жаттығу жасауына мүмкіндік қарастырылған. Жасыратыны жоқ, қазірде телефон мен теледидарға телмірген балалардан бөлек, ересек адамдардың өзінде фи­зикалық жүктеме аз. Ал адам ағзасы үшін дене белсенділігінің зияны көп екенін ескерсек, бұл алаңқайдың ауыл­­дағы әрбір тұрғынның өз өміріне жауапкершілікпен қарап, денсаулығын күтіп, салауатты өмірге қалыптасуына ықпалы зор. Жазғы демалысының кө­ңілді өткенін қалайтын бүлдіршіндер мен балалар күні бойы ойын алаңында орналасқан сырғанақ, әткеншек, та­разы, айналмақ секілді шағын ат­трак­циондарға кезекпен мініп, алаңсыз ойнайды. Ал ересектер болса, өздеріне арналған спорт алаңында дене қи­мыл­дарына ықпалды тренажерда жат­тығулар жасап, таза ауада ойын ты­нықтырып, бойын сергітеді. Бұл жерде балалар ойын барысында жарақат алып қалмауы үшін барлық қауіпсіздік қа­растырылған.

Бұл балалар кешені мен тренажерді салған белгілі кәсіпкер, аудандық мәс­лихат депутаты Әліби Бекжанов. Сол ауылдың азаматы ретінде туған жеріне көп көмек жасап келе жатқан кәсіпкер бұның алдында да ауыл мектебіне спорттық жабдықтар алып беріп, оның игілігін қазірде мектеп оқушылары көріп келе жатқанын білеміз.

– «Туған жерге туыңды тік» деген ғой бұрынғылар. Бұл сөзді бұрынғылар айтқанымен бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта осы сөзді жандандыруымыз керек. Өйткені барлық адамның туған жері бар және әр азамат елге жасайтын жақсылығын ең алдымен сол туған же­рінен бастағаны жөн. Туған жеріңді көр­кейту, гүлдендіру, абаттандыру – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге қызмет ету дегенде, сол жерге тау арқалап апарып, орманға айналдыру міндет емес. Өзің туып-өскен ауылыңның көшесіне бір тал шаншып, көктетсең, соның өзі перзенттік парыздың бір бөлшегі. Мен де өз несібемді еңбегімнің арқасында осы ауылымнан теріп жеп және мүмкіндігімше ауыл халқына жұмыс беріп, көмектесіп отырмын. Бұл – менің туған ауылымның алдында атқаратын борышым.

Заманына қарай адамы. Қазіргі ба­лалардың уақытының көбі үйде, те­ле­дидардың алдында немесе телефонға шұқшиып өтеді. Олар – біздің ұрпағымыз, еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың бү­гініне біз жауаптымыз. Олардың дені сау, қамсыз ойнап өсуі үшін жағдай жасауымыз керек. Міне, сол мақсатта осы ойын алаңын аштық, – дейді Әліби Бекжанов.

Иә, азаматтың бұл ісіне балалардан бөлек ауыл халқы да дән риза. Осы ойын кешеніне «Ер-Әлі» шаруашылығының есе­бінен 13 миллион теңге қаржы жұм­салыпты. Өзінің айтуынша, кәсіпкердің ту­ған ауылына жасап жатқан қамқорлығы бұ­нымен шектеліп қалмайды. Алдағы уа­қытта өз қаржысына ауылдың орталық көшесін асфальттап, жарықтандырып және сол көшенің екі қапталына латок қойып толық аяқсу жеткізіп, тал егіп көркейтіп, аб­аттандыру жұмысын жүргізбекші екен. Сонымен бірге тұрғын үйлерді де жаңалауды жоспарлап отырғанын айтады.

Қуат АХЕТОВ

12 маусым 2021 ж. 1 334 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930