Такси қызметі талапқа сай болуы қажет
Такси қызметін ретке келтіру және заң талаптарына сай жұмыс жасау бағытында аудан әкімінің өкімімен жұмысшы тобы құрылды. Қазіргі таңда жолаушы тасымалы қызметімен айналысатын тұлғаларға заң талаптарын сақтау, өз қызметін бастағандығы туралы хабарлама беріп, кәсіпкер ретінде тіркеліп, заң жүзінде жасауға шақыру үшін жұмысшы топ мүшелерімен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Түсіндірме жұмыстары кент орталығында орналасқан тұрақтарда, базар маңында, автостанция аумағында күн сайын жүргізіліп келеді.
Айта кетейік, заң талаптарын орындамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексімен шара қолданылатыны аталған қызмет түрін ұсынатындарға түсіндірілуде. Жыл басынан бері де заң талаптарын орындамаған 8 тұлғаға 183 768 теңге айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасының 27.12.2019 жылғы №290-VI заңымен дара кәсіпкерлер 01.01.2020-01.01.2023 жыл аралығында салықтардан босатылуына байланысты такси қызметімен айналысу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, патент режимін қолдану үшін ай сайын жеке басына әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті. Мәселен, олар міндетті зейнетақы жарналары үшін 4250 теңге, әлеуметтік аударымдар ретінде 1488 теңге, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы үшін 2975 теңге әлеуметтік төлемдер төлеуге міндетті.

“ЖЖ” ақпарат