» » Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыз, өкінішке орай өлі күйінде табылды. Бағдатқызы Замираның денесі Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан табылған.

Іздестіру жұмыстарына барлық қалалық Полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкері, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.


«Бүгін, 20 маусым күні жергілікті уақыт сағат 14:00 шамасында үйінен шамамен 2 км жерде Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Кәмелет жасына толмаған қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеттері Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында.


Жасөспірім қыздың ата-анасына, барша туған-туыстары мен бауырларына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерінің атынан қайғырып көңіл айтамыз», – делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының таратқан хабарламасында.
20 маусым 2021 ж. 178 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031