КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ
Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалық етуімен бүгін З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте Жалағаш ауданындағы мектеп бітірушілердің бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы аудан әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Мәжілісте 2017 жылғы мектеп бітірушілердің қорытынды нәтижесі, үстіміздегі жылы өтетін қорытынды аттестаттау және бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық жұмыстары туралы кеңінен қозғалды.
Мәжіліс барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманбаева хабарлама жасап, өзекті мәселелер талқыға салынды.
Мәжіліске аудандық мектеп директорлары, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және ҰБТ бойынша арнайы пән мұғалімдері қатысты.