» » Қармақшыда өзгенің атынан несие рәсімдеген әйел ұсталды

Қармақшыда өзгенің атынан несие рәсімдеген әйел ұсталды


Қармақшы ауданында наубайханада жұмыс істеген әйел өзгенің ұялы телефонын ұрлап, сол арқылы несие рәсімдеген. Қазіргі таңда ұры қолға түсті.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны жүгініп, наубайханың демалыс бөлмесінде тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кетіп, банк қосымшасы арқылы құны 480 мың теңгеден аса ниесие рәсімдеп алғанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол сол наубайханада екі ай меңгеруші болып жұмыс істеген азаматша болып шықты. Оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
21 маусым 2021 ж. 220 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930