» » Президент Алматыдағы субұрқақта әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады

Президент Алматыдағы субұрқақта әйел мен балаларды құтқарған студентті марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккен әйелді және екі баланы құтқарған студент Абылай Балапановты “Құрмет” грамотасымен марапаттады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


“Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады”, – деп жазды Берік Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді.  Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.

Бұл жағдай туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пікір білдірді. 

Ал субұрқаққа жауапты ұйым
 зардап шеккендердің өздерін кінәлады.
23 маусым 2021 ж. 153 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930