» » Қазақстан «қызыл» аймақта: Цой вирус жұқтырғандар көбейіп бара жатқанын айтты

Қазақстан «қызыл» аймақта: Цой вирус жұқтырғандар көбейіп бара жатқанын айтты


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

«Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру 39%-ке өскені байқалады. Республикада инфекциялық төсек-орындардың 27%-і (7 125 төсек), реанимациялық төсек-орындардың 24%-і (589 төсек) бос емес», – деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, елде вирус жұқтырғандардың көбеюі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында аурушаңдықтың 1,7 есеге өсуімен байланысты.

26 маусымнан бері Қазақстан «қызыл» аймақта тұр.

Сондай-ақ қауіпті аймаққа бес өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары кірген.
Қалған өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта.

Sputnik Қазақстан
29 маусым 2021 ж. 160 0