“Бұл сіздерге дүкен емес”: Бекшин вакцина таңдау мәселесі жайлы
Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин егу пункттерінде вакциналардың алуан түрлілігіне наразы болған халықты қолда бар вакциналарды салдыруға шақырды.
"Бүгінгі таңда бізде вакциналар жеткілікті, сондықтан егу пункттерін дүкендерге айналдырмаймыз. Құдайға шүкір, үкімет тегін вакцина берді, ал негізгі вакцина – "Спутник V". Бізде вакцина жеткілікті. Бүгін таңертең 40 мыңға жуығы қалды, ал қазір кесте бойынша вакцина келіп түсуде, қорлар толықтырылуда", - деді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, ол қала тұрғындары 2 шілде күні таңертең "Спутник V" вакцинасымен қатар 2 657 доза қазақстандық QazVac препаратын, сондай-ақ CoronaVac вакцинасын салдыра алатынын атап өтті.
"Яғни, бізде вакцинацияға таңдау бар. Көптеген елдер тіпті салдыратын екпе таппай отыр”, - деп түйіндеді Бекшин.
Сондай-ақ, ол Hayat-Vax вакцинасы Қазақстанға бір рет әкелінгенін еске салды.