Қазақстанда мыңға жуық жүргізуші өмір-бақи көлік айдай алмайды
Биыл жол апатынан 139 адам көз жұмып, мыңнан астам адам жарақат алды.
Қазақстанда мыңға жуық жүргізуші өмір-бақи көлік айдай алмайды. Ол– ішімдікке сылқия тойып автокөлік жүргізгендер, деп хабарлайды ERNUR.KZ
КТК арнасына сілтеме жасап. Бір жылда тағы 10 мың адам мас күйде көлік тізгіндегені үшін әкімшілік жауапқа тартылыпты. "Ішімдік ішіп және есірткі қолданып, масаң күйде көлік жүргізетіндерге келер болсақ, 10 мың азамат әкімшілік қамауға алынды, 12 мың адам көлік жүргізу құқығынан уақытша айырылды. 1000-ға жуық Қазақстан азаматы автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды", - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.
Жол ережесін тек мас адамдар ғана емес, сау жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де көптеп бұзады екен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы жеті айда анықталған заңбұзушылық саны 2020 жылмен салыстырғанда 60 пайызға өсіпті. Жолдағы белгілер мен ескертулерді, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға қатысты талапты елемейтіндер жетерлік. Жол-көлік апаттарының да саны едәуір артқан. Әр үшінші оқиға жылдамдықты асырған көлік иелерінің жаяу жүргіншіні қағуымен аяқталыпты. Биыл жол апатынан 139 адам көз жұмып, мыңнан астам адам жарақат алды.