» » «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 71 маман тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алды

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша 71 маман тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алды

Жыл басынан бері Жалағаш ауданы бойынша 71 маманға 307,1 млн теңгеге тұрғын үй несиесі беріліп, 61 маманға 17,7 млн теңге көтерме жәрдемақы берілді. Бұл туралы бүгін аудандық партия филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңесте баян етілді. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша  жол картасының орындалуының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша шарасы толыққанды орындалды. Яғни, Жол картада  «Nur Otan» партиясы жыл соңына дейін 70 маманның аталған бағдарлама аясында тұрғын үй, көтерме жәрдемақысын алуға ықпал ету көзделген.

Аудандық партия филиалының мәжіліс  залында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызының төрағалығымен экологиялық және аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес болып өтті.  Кеңестің күн тәртібіне 4 (төрт) мәселе қойылды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша  жол картасының орындалуы бойынша тиісті сала мамандары хабарлама жасады.
Жалағаш аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қалниязов аудан бойынша мүйізді ірі қара басын 34800 –ге жеткізу жоспарланғанын тілек тиек етті.  Қазіргі таңда аудан бойынша 37106 мүйізді ірі қара мал басы бар. Аталған шара бойынша меже толыққанды іске асты.

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Б.Сығайбаев  аталған Жол картаның орындалуы бойынша бірқатар жұмыстарды тізбектеді. Ауданның  елді мекендерін  тұрақты түрде аяқ сумен қамтамасыз ету мәселесі  күн тәртібінен түспейтін мәселелердің  бірі.  Жаңаталап, М.Шәменов  және  Аққыр елді мекендерін аяқ сумен камту жағдайын жақсарту  мақсаты алға қойылды.

Осы мақсатқа  қол жеткізу  үшін,  биылғы  жылы  облыстық  бюджет қаражаты есебінен  М.Шәменов  ауылынына СНП-500  дизель отынымен жұмыс жасайтын  1 дана  насос  алынып,  іске  қосылды.

Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен Жаңаталап  елді мекеніне  1 дана СНПЭ-500/10 электр қуатымен  жұмыс жасайтын  насосы  алынған болатын. Қазіргі таңда, бұл насосты  дизель отынымен  жұмыс жасайтын насосға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазіргі таңда, Аққыр  елді мекенін  су насосымен қамтамасыз ету және жоғарыда аталған елді мекендердің аяқ су арналарын қайта қазу мәселелері ұсынылуда.

Ағаш-бұта екпелерін  отырғызу тармағы жыл жоспарында орындалды.  Жоспар бойынша межеленген 4648 дана ағаш биылғы жылғы көктемгі  көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысында отырғызылды.  Ағаш-бұта екпелерінің шығымдылығы 77 пайызды  құрады. 2022 жылға дейін Жалағаш кентіндегі барлық әлеуметтік нысандарға газбен жылыту қондырғыларын орнату. Жалағаш кентіндегі орталықтандырылған газ желісі үстіміздегі жылдың шілде айында  іске  қосылғаны баршамызға белгілі.  Бүгінгі күнге №202 мектептің жылу қазандығы газ отынына көшірілді.  Одан бөлек, 7 әлеуметтік нысанның (3 балабақша, Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі, Аудандық аурухана және аудандық емхана) әлеуметтік нысанның жоба-сметалық құжаттары дайын. Бұл жобаларды атқаруға  облыстық бюджеттен қаржы сұратылуда.  Тағы 7 нысанға  газ қондырғыларын орнату үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялау үшін жұмыстар жүргізілуде.     Аудан халқының  газбен қамтылуын 48 пайызға жеткізу бойынша 2021 жылдың 10 тамызына 404 тұрғын үй орталықтандырылған газ желісіне жалғанды.

Аталмыш қоғамдық кеңес отырысына аудандық, облыстық маслихат депутаттары және кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелер толығымен қаралап, ұсыныстар мен сұрақтар қойылды.
10 тамыз 2021 ж. 473 0