» » ШУАҚБАЕВТАР ОТБАСЫ - "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2021" ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 3 ОРЫН ИЕГЕРІ

ШУАҚБАЕВТАР ОТБАСЫ - "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2021" ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 3 ОРЫН ИЕГЕРІ




Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Мерейлі отбасы - 2021" ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Марапат төрінен Жалағаш ауданының мерейлі отбасылары да көрінді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ІІІ орынына Жалағаш ауданының Шуақбаевтар отбасы лайық деп танылып, арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шуақбаевтар отбасында 10 бала, 24 немере, 14 шөбере бар.

Шуақбаев Науқанбай Қазақстан колхозы, Аққұм совхозы, совхоз партия комитеттерінде қызмет атқарған. 1973 жылдан бастап №38 мектепте мұғалім болған. «Тарих тағылымы», «Ұлы отан соғысы шежіресі» кітаптары жарық көрген. 2020 жылы қайтыс болды.

Сырбаева Іңкәр еңбек жолын аудандық кітапханада бастап, мектепте іс жүргізуші, совхоздың сиыр фермасында жұмысшы, бақташының көмекшісі болып жұмыс істеді. Қазір батыр ана, "Алтын алқа" иегері.

12 тамыз 2021 ж. 500 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 675

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31