» » Мерейлі отбасы – мемлекет мақтанышы

Мерейлі отбасы – мемлекет мақтанышы


Отбасы қай заманда болсын мемлекеттің негізі болып саналады. Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бастап үлгілі отбасыларды анықтау, олардың өнегелі өмір жолдарын көпке үлгі ету мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қолға алынған болатын. Байқау биыл да облыс көлемінде жалғасын тапты.
Өткен аптада байқау қорытындысы бо­йынша облыс орталығындағы А.Тоқмағам­бе­­­­­­­­тов атындағы мәдениет үйінде «Мерей­лі­ отбасы» облыстық конкурсының же­­­­­­­­­­­­­ңім­паздарын марапаттау салтанаты өтті. Дәс­­­­­түрлі байқаудың аймақтық кезеңіне 361 от­­­­басы қатысқан болатын.
Мемлекеттің қорғаны, қоғамның тұрақты дамуының негізі – отбасы екенін көрсетіп қана қоймай, оны дәлелдеудің бірден-бір көрінісіне айналған шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев тәуелсіз қазақ елінің ұлағатты ұрпақтарын тәрбиелеп отырған, отбасылық берекелерін мемлекетіміздің мерейіне айналдырған жалпыұлттық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады.
– Отбасы құндылығы қай кезеңде де, қай мемлекетте де саясаттың ең маңызды бөлігі болған. Бала туу көрсеткіші бойынша Сыр өңірі республикада алдыңғы қатарда тұр – аймағымыз 4 орында. Облысымыздағы 44 мыңнан астам көпбалалы ананың 27 мыңы – батыр ана. «Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен» алтын құрсақты аналарымыздың 14 мыңға жуығы «Алтын алқа», 13 мыңдайы «Күміс алқа» иегері, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Байқау нәтижесінде, бас жүлде мен республикалық кезеңге жолдама Сырдария ауданының тұрғындары Бәйменовтер отбасына берілсе, бірінші орынды шиелілік Ишанқұловтар отбасы жеңіп алды. Ал, жүлделі екінші орын жалағаштық Тоқсановтар, үшінші орын Қарауылтөбе ауылының тұрғындары Досмахановтар әулетіне бұйырды. Мұнан бөлек, басқа да қатысушылар «Жарасымды жанұя», «Үлгілі отбасы», «Тату отбасы», «Ізгілікті шаңырақ», «Өнерлі отбасы» сынды түрлі номинациялармен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аудан намысын қорғап, өнегемен өрілген өмір жолдарын көпке үлгі еткен Мәдениет ауылындағы Тоқсановтар отбасын жеңісімен құттықтаймыз.

Н.АЛМАС.
12 маусым 2018 ж. 1 761 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930