МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ
МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ
ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Мерейлi отбасы» ұлттық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Дәстүрлі шараның ашылу салтанатында Мемлекеттік хатшы әрі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы қатысушыларға Елбасының құттықтау сөзін оқып берді. Онда отбасы институтын нығайту тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің әлеуметтік саясатына айналғаны айтылған.
Бұл бағытта маңызды шешімдер қабылданды. Елімізде жыл сайын Отбасы күні мейрамын атап өту мақсатымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде жүзеге асып жатқан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» сияқты жалпыұлттық жобалар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, отбасыға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Отансүйгіштік, еңбекқорлық, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты рухани құндылықтарды бойына сіңірген отбасылар конкурстың жеңімпаздары болып табылады.
Салтанатты шарада Мемлекеттік хатшы ақтық кезеңге өткен әрбір отбасыға диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады. Соңғы кезең қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасы 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өткен «sms», интернет арқылы дауыс беру нәтижесінде анықталды. Жамбыл облысынан қатысқан Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының биылғы лауреаты атанды. Отағасы Үмен Ниязқұлов 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Жары Баян Ниязқұлов 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Аға буынның педагогикалық қызметін балалары мен немерелері жалғастыруда. Әулеттің 3 буынының жалпы педагогикалық өтілі – 198 жыл. Ерлі-зайыптылар 62 жыл бірге өмір сүріп келеді, 12 бала, 32 немере, 20 шөбере тәрбиелеп отыр.
Г.Әбдіқалықова жеңімпаз отбасыға салтанатты түрде естелік мүсінше мен автокөлік кілтін табыс етті. Марапаттау рәсімі қазақстандық танымал эстрада әншілерінің мерекелік концертімен аяқталды.