» » Карантин қай кезде жеңілдетіледі – Цой жауап берді

Карантин қай кезде жеңілдетіледі – Цой жауап берді


 Келесі аптадан бастап демалыс күнгі локдаун жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бізге «Атамекен» демалыс күнгі локдаун бойынша өтініш жасаған. Егер жағдай бірқалыпты болса, келесі аптадан бастап сенбі күні жеңілдік жасауды жоспарлап отырмыз», – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай өте қиын болып тұр. Адам өлімі де жоғары. Вирусты жұқтыру көрсеткіші республика бойынша түспей отыр.

«Сол себепті шектеу шаралары қазіргі жағдайға сай. Таразы басында адам өмірі тұр. Біз бәрін жіті қарап жатырмыз. Мүмкіндік болса, бизнес жеңілдік жасауға тырысамыз», – деп атап көрсетті Цой.

Айта кетері, сәрсенбі, 18 тамызда өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күнгі локдаунды жалғастыра беруге ұсыныс жасады. Премьер-министр осы ұсынысты қолдады.
21 тамыз 2021 ж. 106 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 055

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30