» » ОБЛЫС ӘКІМІ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, аудан әкімі Асылбек Шаменов Таң ауылындағы "Таң ЛТД" ЖШС-ның жүгері алқабымен танысып, күрішке алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға облыстың егіншілік саласының негізгі көрсеткіштерімен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, ауданның егін шаруашылығындағы көрсеткіштерімен аудан әкімі Асылбек Шәменов және «Таң ЛТД» серіктестігінің биылғы жылғы егін жинау науқанына дайындық барысы туралы серіктестік директоры Имамзада Шағыртаев таныстырды.

- Биыл 36327 гектарға егiс егілді. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 19800 гектар. Ауданда алғашқы егінге орақ салу жұмыстары жекелеген шаруашылықтарда тамыз айының 26-нан кейін, ал жалпылама шаруашылықтар бойынша қыркүйек айының 1-нен бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, аудандағы жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жем-шөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында 8 шаруашылықпен меморандум жасалды. Аудан бойынша шөп дайындауға 14 бригада құрылып 145 адам жұмыс жасауда, - деді аудан басшысы Асылбек Өмірбекұлы.

Мұнан соң аймақ басшысы шатыр астында ауыл шаруашылығы өнімдерінен әзірленген көрмемен танысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық жыл жемісті болып елдің ризығы мол болуына және бітік шыққан егінді төкпей-шашпай жинап алу бағытында бата берді. Күріш егісінің танабында облыс әкімі шараға қатысқан қонақтармен бірге егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

26 тамыз 2021 ж. 281 0