» » Орақ түсті егінге

Орақ түсті егінге


Алашқа ана атанған Сыр өңірінің құт қонған өлкесінің бірі – Жалағаш ауданы. Бұл жер облыстағы Сыр маржанының үштен бір бөлігіне жуығын өндіретін ынтымағы артқан, ырысы тасыған аудан ретінде де жұртшылыққа белгілі. Төскейінде төрт түлігін түлеткен де осы жұрт. Халқымыз «Жер жомарт, жерге сенген ел жомарт, еңбек еткен ер жомарт» деген. “Ақ күріштің Қостанайы” атанған  Жалағаштың  диқандары ел ризығын еселеу жолында қашанда табандылық танытып келеді.

Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Асылбек Шәменов Таң ауылындағы «Таң ЛТД» ЖШС егіс алқабында бірқатар ірі шаруашылық құрылымдарымен кездесіп, егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.
Шара барысында аудан басшысына ауыл шаруашылығы саласындағы даму көрсеткіштері таныстырылды. Жалпы биыл Жалағашта барлығы 36 731 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, соның  ішінде күрiштің көлемі 21 600 гектарды құрайды.
Күрішке алғашқы орақ салу рәсімінде аудан әкімі сөз алып, диқандардың жиын маусымын мол табыспен аяқтауына тілеулес екенін білдірді.
– Күріш – Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе – осы байлықты шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Бұл үшін барлық жағдай бар. Егін жинауда техника қашанда шешуші рөл атқаратыны белгілі. Биылғы егін жинау науқанына барлығы 994 дана техника сақадай сай тұр, – деді аудан басшысы.
Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев пен Таң ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Жәнібековтей ақсақалдар жылы лебіз білдіріп, ақ баталарын берді.
Күріш орағын бірінші болып бастаған «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 1912 гектар алқапқа егін еккен. Былтыр серіктестіктің диқандары күріштің әр гектарынан 76 центнерден өнім алған. Аталған шаруашылық тек күріш егіп қана қоймай мал азығына арналған дақыл жоңышқа да өндіріп келеді. Шаруашылық құрамында 115 адам тұрақты жұмыс істейді.
Еңбектің ер атандыратынын жан-тәнімен түйсінген жалағаштық еңбеккерлер қашанда көш басында екені белгілі. Несібесін жерден терген диқандар еткен еңбектің еш кетпесін біледі. Жалағаштағы жұртшылық жұдырықтай жұмылғанда ғана жетістікке жететіндіктерін естен еш шығарған емес. Бұған бір ғана Таңдағы тындырымды тірлікті дәлел етуге болады.

Азиз БАТЫРБЕКОВ
26 тамыз 2020 ж. 760 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930