» » МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қысқы мал азығын даярлау үшін аймақта жан-жақты шаралар атқарылуда. Тиісінше облыс әкімімен арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, соған сәйкес 769,9 мың тонна ірі азық пен 213,6 мың тонна жем даярлау межеленген. Жоспарды толығымен орындау мақсатында кәсіпкерлермен келісімдер жасалуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифифнгте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

"Биылғы қысқа түсетін 534,7 мың шартты мал басына 769,9 мың тонна ірі азық дайындау жоспарланған болатын. Осыған орай, облыс бойынша 663,0 мың тонна шөп дайындалып, қажеттіліктің 86,1 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ қажетті жемнің 14,2%-ын қамтылды. Күріш жинау науқаны басталуына орай, күріш сабанын өртемей, жоспарлы 172,5 мың тонна күріш сабанын жинап алу жоспарлануда. Сондай-ақ, өңірдегі күріш өңдеу кәсіпорындары арқылы өз өндірісімізден 114,7 мың тонна күріш қалдығын және күріш жемін өндіру жоспарда бар. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілді,-деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Тұрсынұлы.

Арал ауданында қалыптасқан қуаңшылыққа байланысты шаруаларға көмек көрсету үшін тиісті шаралар атқарылуда. Аталған мақсатта облыс әкімінің резервінен 250 млн. теңге, «Аралым айдын шалқарым» атты қайырымдылық қоры арқылы жергілікті кәсіпкерлер, сондай-ақ аймақ фермерлері, түрлі қайырымдылық қорлары арқылы 262 млн. теңге түсті. Аудан шаруаларын тиісті жем-шөппен қамтамасыз ету әр аптаның сенбі күні Арал ауданда жем-шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.
02 қыркүйек 2021 ж. 289 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930