Президент Жолдауы – әлеумет әлеуетін көтеруге жаңа бағыт
Кеше Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасында "Nur Otan" партиясы Жалағаш аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жалағаш аудандық мәслихат депутаты Кенжебаев Ахан Алтынбекұлы қатысуымен секминар кеңес өтті.
Сөз алған Жалағаш аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары А.Кенжебаев - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдармен алдын-алу, жастарды рухани-өнегелік тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көпшілікке тарату керектігін және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамалар екені жөнінде айтып өтті.
Семинар-кеңесте Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»атты Жолдауымен сыбайлас жемқорлықтың қоғамымызға зияны жан-жақты талқыға түсіп, қызметкерлер пікірімен сараланды.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Д.Бахтияров жалпы семинарлар уақытылы және сапалы өткізілуі кез-келген қызметкердің білімінің жоғарлауына жақсы әсер ететіндігін атап өтіп, семинар-кеңесті қортындылады.