Қызылордада тасқын су жинайтын су қоймасы салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында республика бойынша су жүйелерінің ескіруіне байланысты жер үсті су қорының 40 пайызы далаға кететіндігін хабарлап, су жүйелерін қайта жаңғырту мақсатында 2025 жылға дейін республика бойынша 9 су қоймасын салуды және 120 каналды қайта жаңғыртудан өткізуді Үкіметке тапсырған еді. Аталған 9 су қоймасының біреуі Қызылорда облысы аумағына салынатыны белгілі болды. Ол Қараөзек арнасы бойына 775 млн.текше метр тасқын су жинайтын су қоймасы. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы мәлімдеді.
Қараөзек су қоймасын салудың негізгі мақсаты – Қараөзек көлдер жүйесін және мал шаруашылығына мал азықтық базасын құру бойынша шабындық-жайылымдық алқаптарды және Қазалы ауданының егістік жерлерін суландыру болып табылады. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд. теңге. Жобаның жүзеге асуы нәтижесінде 5,4 мың га суармалы жерлерді, 3,3 мың га көлдерді, 120,8 мың га шабындықтар мен жайылымдарды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.
«Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалының директорының орынбасары Жорабек Ерназаровтың айтуынша, Қараөзек арнасының бойына салынатын су қоймасы Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының көлдер жүйесінен құралатын болады. Осы көлдер жүйесінің қыс-көктем айларында Сырдария өзені арқылы келетін мол судың есебінен толықтырылып, егістікке су беру маусымы кезеңінде Қазалы ауданының 18 мың гектарға жуық егістік алқаптарын суландыруға үлкен мүмкіндік береді.
Жалпы, салынатын су қоймасының көлдер жүйесіндегі суды жинақтап ұстап тұру үшін Қараөзек арнасының ПК-490 бекетіндегі Байгелді су тоспасы, ПК-950 бекетіндегі Картонкомбинат су тоспасы және ПК-1500 бекетіндегі Қожатай су тоспаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14,3 шақырым бөгет, 4 шақырым канал қазу, 5 дана бас саға ГТҚ салу, 4 дана қызметтік тұрғын үй, 13 дана су бекеті (гидропост) және қуаттылығы 25 кВт трансформатор қою жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1 млрд 910 млн.теңгені құрайды.

«Жалпы, Үлкен Арал теңізіне жыл сайын қайтарымсыз кететін суды және Сырдария өзені арқылы қыс мезгілінде 70 пайызы келетін суды облыс аумағындатиімді пайдалану мақсатында 2,3 млрд.текше метр су жинақтайтын 12,9 млрд. теңгеге6 (4-уі тасқын су, 2-уі қашыртқы су) жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл су ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануға және вегетациялық кезеңде оның тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік береді» – деді Қайрат Жансұлтанұлы.