СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ
Өтке аптада аудандық өнерді дамыту орталығында су шаруашылығына қатысты мекемелер мен ардагерлердің қатысуымен «Қызылорда облысында суды жинақтау үшін Қараөзек арнасында су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздемесінің қоршаған ортаға әсерді бағалау бөліміне қатысты қоғамдық тыңдалым өтті. «Ариан Инвест» ЖШС өкілі Г.Молдабеков техникалық-экономикалық негіздеменің мақсатын және қоршаған ортаны қорғау бөлімімен таныстырып өтті.
Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандары бойынша ағын су мәселелерін қарастыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан «Қызылорда облысында суды жинақтау үшін Қараөзек арнасында су қоймасын салу» техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып отыр. Бұл техникалық-экономикалық негіздеменің мақсаты – Қараөзек арнасында жобаланатын гидротехникалық құрылымдар арқылы қыс, көктемгі су тасқыны кезінде арна бойындағы көлдер жүйесін суға толтырып, су қоймасына айналдыру және оны керек кезінде ауыл шаруашылығы егістіктері мен жайылымдық жерлерде суғаруға пайдалану. Қоғамдық тыңдалымға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, ардагерлер О.Жанұзақов, Б.Ишанбеков, аудандық «Қазсушар» өндірістік учаскесінің басшысы А.Табынбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары С.Нұрымбетов өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Қаралып жатқан құжаттама аталған аудандарда жан-жақты зерттелді, техникалық-экономикалық негіздемесінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара жоспарларының орындалып, жүргізілген жұмыстардың экологиялық талаптарға сай болу керектігі айтылды.
Сондай-ақ, бұл жоба табиғатты қорғау заңнамаларын сақтап әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға үлес қосу керектігі сөз болды. Қорытқанда, 2020 жылы Қараөзек арнасында су қоймасы салынып, ел игілігіне қызмет ететін болады.

С.БЕРТАЕВ.