Жыл басынан бері 3 мың қандас азаматтық алды
Жыл басынан бері 3 мыңға жуық қандас жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтығын алды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биылғы 1 қаңтардан бастап қандастарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан азаматтығына қабылдауға бір мезгілде құжаттар тапсыру мүмкіндігі заңды түрде енгізілген. Бұрын олар бұл процедуралардан бөлек өтетін, ал тұрақты тұру рәсімі 2 айға созылатын. Содан кейін бір ай ішінде тұруға ықтиярхат дайындалып, содан кейін ғана Қазақстан азаматтығына қабылдау үшін құжаттар тапсыруға болатын еді. Оны қарау мерзімі 3 айға созылатын. Ал қазір барлық үш кезең бір уақытта өтеді», деді Нұрділдә Ораз министрліктің апталық брифингінде.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 3 мыңға жуық отандас Қазақстан Республикасының азаматтығына осындай тәртіппен қабылданған.
«Қазіргі уақытта осы мысал бойынша қандас куәлігін беруден бастап, азаматтыққа қабылдауға дейінгі шараларға тартылған барлық мемлекеттік органдар (ЕХӘҚМ, СІМ, ІІМ, АҚДМ, жергілікті атқарушы органдар) жұмысының бірыңғай алгоритмі енгізілуде. Нәтижесінде олар әр мемлекеттік органға жеке-жеке емес, тек бір рет-Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінетін болады. Құжаттар тізімі де екі есеге қысқарды, барлық кезеңдерден өту мерзімі 90 күнді құрайды. Материалдарды барлық мемлекеттік органдар қазіргідей кезек бойынша емес, бір мезгілде қарайтын болады», деп түсіндірді ҚР ІІМ ресми өкілі.