» » 60 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

60 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы туралы айтып берді. Оның сөзінше, Ұлттық жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» атты төрт негізгі бағыттан және 11 тапсырмадан тұрады. Олардың аясында 19 көрсеткіш пен 48 шараны атқару көзделген көрінеді.

– Жобаны іске асыру халықтың нақты кірістерін арттыруға, ЖІӨ-ні 231 млрд теңгеге ұлғайтуға ықпал ететін болады. Ұлттық жобаны іске асырудың арқасында 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, – деді Серікқали Брекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ министр барлық бағыттар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мәселен, «Үнемді Қазақстан» бағыты аясында 401 арнаны қайта жаңарту және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су шығынын 4 текше километрге азайту жоспарлануда. «Ұлттық жобада суармалы жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту бойынша іс-шаралар көзделген, қосымша суару көздерін құру үшін 2025 жылға дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жинақтау көлемі 1,7 км3 болатын 9 жаңа су қоймасын салу жоспарда бар екен.

Министрдің айтуынша, ұлттық жобаны жүзеге асыру көлдердегі судың сапасын жақсартуға, суаруға су беру кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар орманды еліміздің жалпы аумағын 5 пайызға дейін ұлғайтуға жол ашылады.


26 қазан 2021 ж. 252 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930