» » Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған екі әйел сотталды

Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған екі әйел сотталды

Қызылорда қаласының тұрғындары 45 және 54 жастағы азаматшалар 2017 жылдың тамыз айынан бастап төмен пайызбен қомақты несие алып береміз деп, сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен ірі мөлшерде ақшаларын алып, екі қала тұрғынын алдаған.        

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 4 млн 850 мың теңгені құрады. 

Тергеу барысында күдікті азаматшалардың жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, олардың іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушының біріне 3 жыл мерзімге және екіншісіне 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
28 қазан 2021 ж. 122 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031