» » Нұрлан Дәулеталиев: Оқушылардың мектеп ауыстыру процесі каникул күндерінде жүзеге асырылады

Нұрлан Дәулеталиев: Оқушылардың мектеп ауыстыру процесі каникул күндерінде жүзеге асырылады

Қызылорда облысындағы мектептерде бірінші тоқсан жоспарға сай аяқталып, бүгіннен бастап оқушыларға күзгі демалыс басталды. Министрліктің бұйрығына сәйкес күзгі коникул 7 күнді құрайды. Ал, екінші тоқсанның сабағы 8 қарашада басталатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде орта білім беру ұйымдарындағы І оқу тоқсанының қорытындысы туралы өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулеталиев мәлімдеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, күзгі каникул – 7 күнді, яғни 2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғандағы күндерді құрайды. Осы орайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылық, рухани-адамгершілік, интеллектуалды дамуына мүмкіндік жасау мақсатында «Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» атты арнайы ұсыным жолданды.

1-7 қараша күзгі демалыс уақытында оқушыларға азаматтық-патриоттық, эстетикалық, құқықтық, спорттық, интеллектуалды, экологиялық бағыттардағы шаралар өткізілетін болады. Айта кетейік, аталған іс-шаралар «Бала құқығы – адам құқығы» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Нұрлан Базарғалиұлы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдаудың талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес каникул кезеңінде (сот шешімін, басқа елді мекенге көшуді, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуді қоспағанда) портал арқылы немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Осыған орай, оқушылардың мектептен-мектепке ауысу процесінің каникул күндерінде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз», – деді Нұрлан Дәулеталиев.
01 қараша 2021 ж. 168 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031