Алты құрлық таныды алты Алашты
Тәуелсіздік – тәңір сыйы.Ол туралы қалам тербемеген қаламгер жоқ шығар, сірә! Солай болуы да заңдылық.Ата-бабалардың аңсаған асыл арманы – азаттық таңы арайлаған сәт ақын-жазушылардың шабытына тың серпін, жаңа екпін үстегендей еді.
Алты алашқа аты әйгілі белгілі ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин шығармашылығының бастауы мен өсу жолдары азаттықтың таңы атып, күні шығумен қатар өрілген қаламгер.
Қалқаман Сариннің шығармашылығында азаттық туралы өлеңдер де аз еместігіне ақынның кітаптарын немесе ғаламторды ақтарған адам бірден көз жеткізеді. Ақынның «Тәуелсіздік» атты өлеңінде
...Уа, Еркіндік, қош келдің!
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,
Азаттығым – қадірің де жоқ онда! – дейді ақын.
Тәуелсіздік бақыт тәжіндей болған тоқсаныншы жылдар басында ақындарымыз қуанышқа толы асқақ көңіл-күймен, үлкен шабытпен жырлады. Бірақ азаттық деген, әлемдегі барша ұлттың басына бірдей қона бермеген қастерлі құсты ұшырып алмауды аманат еткен ақын
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті –
Аманат қой маған, саған, оған да! –
деп жырлайды.
Иә, азаттық бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама боздақтардың қаны төгілді, арман-мақсаттарының қабырғасы сөгілді. Енді сол аманатқа қиянат жасамай болашаққа тәуелсіздіктің боз жорғасымен ат шалдыру – кейінгі жастардың борышы.
Алты құрлық таныды алты Алашты,
Тамырында түркінің қаны қайнап.
Көк байрағын баласы желбіретті-ау,
Бабасы көтергесін бөрі байрақ.
Тәуелсіз Қазақстан атқа отырды,
Жүзінде жиырма бірдің жалыны ойнап.
Баянды болсын, сенің Қазақ елі,
Басыңа қонып тұрған абырой, бақ! деп айтыстың ақтаңгері, үш мәрте “Алтын домбыра” иегері атанған жалағаштық жерлесіміз Мұхтар Ниязов жыр нөсерін төккен болатын.
Міне, ел ұлықтаған тәуелсіздік ақындардың киелі өлең жолдарымен осылайша өрнектелді. Қазақ елінің басындағы бағы баянды, тәуелсіздігі тұғырлы болсын деп тіледік бір Алладан!
Жандос ЖАЗКЕН