» » Гүлшара Әбдіқалықова: Дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ

Гүлшара Әбдіқалықова: Дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ


Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын Қызылорда облысы тұрғындарының 86,2%-ы, яғни 389954 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы, 328189 адам екінші компонентін салдырды.

«Облыс «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфекцияны тежеу негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артты. Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс жасауда», – деді облыс әкімі.

Қазіргі таңда 15363 объект тексеріліп, 52 млн. теңгеге 799 бұзушылық анықталды.

«Pfizer» вакцинасын егуді 15 қарашадан бастадық. Бүгінде 23400 дозасы өңірге жеткізілді. Талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынды, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады. Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Аймақ басшысының айтуынша, басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен күресуге дайын, дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ.
18 қараша 2021 ж. 147 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930