Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды
Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрайды. Жыл басынан бері 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 14114-і тұрақты жұмыс орны. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз қызметінде мәлімдеді.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы аймақта 849 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды, оның 306-сы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Биыл мүгедектерді әлеуметтік қолдауға барлығы 1,8 млрд.теңге бөлінген.
Аймақта кәсіпкерлікке 26 мыңнан астам көп балалы ана қамтылған. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетіп отыр.

«Шағын орта бизнесті дамыту мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму Картасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд. теңгеге 163 жоба (1,5 мың жұмыс орны құрылған) іске қосылды, оның ішінде биылғы жылы 74 жоба (2,3 млрд. теңге), 426 жұмыс орны құрылды. Қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы және тағы басқалары өндірілуде. Несие алу көлемі жыл сайын ұлғаюда. Биылғы жылы Бизнестің жол картасы 2025 және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 30 млрд. теңгеге 2605 жоба қаржыландырылды. Бизнеске жастардың белсенділігі артуда. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2 пайызбен несиелеу бағдарламасын іске қостық. Ол мақсатқа облыстық бюджеттен 400,0 млн. теңге бөлінді», – дейді Гүлшара Наушақызы.
Аймақта кәсіпкерлікке 26 мыңнан астам көп балалы ана қамтылған. Мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетіп отыр.