» » Келесі жылы зейнетақы өседі

Келесі жылы зейнетақы өседі



2022 жыл республикалық бюджетте әлеуметтік міндеттемелерге 4 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделіп отыр», – делінген Еңбек министрлігі мәліметінде.

Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде:

– 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады;

– 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға арттырылады.

Бұдан тыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал 
АЕК – 3 063 теңгені құрайды.
23 қараша 2021 ж. 287 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930