» » САЙЛАУШЫЛАР ПІКІРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

САЙЛАУШЫЛАР ПІКІРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихат депутаттары, мәслихаттағы «Экономикалық даму, қаржы және бюджет мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясы, «Әлеуметтік-мәдени даму, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері, заңдылық және азаматтар құқығы» жөніндегі тұрақты комиссиясы,«Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық, кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелері болып ауданға қарасты 14 ауылдық округтері сайлаушылармен кездесуде.

«Әлеуметтік-мәдени даму, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері, заңдылық және азаматтар құқығы» жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшелері Ахан Алтынбекұлы Кенжебаев, Гүлжайна Айтжанқызы Айтжанова, Ұлжахан Баймұратқызы Тәжібаева, Нарбота Серәліұлы болып Жаңадария ауылдық округі, Аламесек ауылдық округі, Еңбек ауылдық округі, Аққұм ауылдық округтерінде болып сайлаушылармен кездесіп, аудандық мәслихаттың есепті кезенде атқарған жұмыстарын жеткізіп,  сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін тыңдадық.


         Ауылдық мәдениет Үйлерінде өткізілген есеп беру кездесулеріне ауыл әкімдері, мектеп директорлары, ауылдық мәдениет Үйлері басшылары, ауыл ардагерлерімен ауыл тұрғындары қатысты.


 Жыл басында елімізде өткен үлкен саяси науқаннан кейін «Nur Otan» партиясы халық алдында берген уәделерін тұрақты түрде орындаудың кешенді қадамдарын іске асыра бастады. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» деп аталатын сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған Жол картасындағы 2025 жылға дейінгі межеленген міндеттердің жыл сайын орындалу барысын қатаң қадағалауды қолға алды.

«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық Жол картасын іске асыру партия филиалының алдында ең бірінші кезекте тұр. Партия филиалы жанынан Сайлауалды міндеттерді іске асыруға бақылауды қамтамасыз ететін 7 аудандық қоғамдық кеңес құрылды.


Осы ретте жыл басынан бері Саяси кеңес бюролары мен мәслихаттардағы фракциялардың, қоғамдық кеңестердің отырыстары өтіп, салынып жатқан құрылыс нысандарына Партиялық бақылау комиссиялары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.

Сайлауалды бағдарламада негізгі басымдық денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үймен қамту, елді мекендерді газдандыру, ауызсу, жол секілді инфрақұрылымдық жобалар берілді.


Биылғы жылы ауданда жүзеге асқан үлкен әлеуметтім  жобалардың бірі Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстары толық пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайды. Жоба бойынша 2 ГРП (газ тарату пункті), 18 ШРП (шкафты тарату пункті) орнату және 150 шақырым газ желісі тарту қарастырылған. Ауданда тұрғындарға газбен жабдықтау қызметін көрсету үшін «Қызылорда газ тарату жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.


Алдағы уақытта ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз ету қолға алынады. Биылғы жылы Ақсу елді мекенін газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарын толық газбен қамтамасыз етумен қатар шағын және орта бизнес өндірісін дамытуға және экологияның жақсаруына әсер етеді.


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясымен елімізде алғаш рет кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілді. Сайлауда ауыл әкімдерін ауыл сайлаушыларының таңдауы Тәуелсіздіктің 30 жылында елімізде жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан саяси реформалардың нәтижесі. Бұл сайлаудың ерекшелігі жалпыға тең және төте сайлау. 25 шілдеде Жалағаш ауданы бойынша Аққыр, Аламесек, Бұқарбай батыр, Қаракеткен ауылдық округтерінің әкімдерін сайлады.


Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, денешынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін арттыру мақсатында Жалағаш кенті орталығында жеке кәсіпкердің қолдауымен жеке қаражат есебінен 350 млн. теңгеге  Б.Құлтекенов атындағы жабық жүзу бассейні ел игілігіне пайдалануға берілді.


Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы Оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін биылғы жылға 60 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды.  


Еңбек-Есет батыр аралығындағы 12,3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылдың тамыз айынан бастап Жалағаш аудандық ауруханасы жанынан отбасы құндылығын сақатау мақсатында психологиялық кабинет өз жұмысын жасауда.


Биыл Таң ауылындағы орта мектеп ғимаратына бөлінген 333 млн. теңгеге, Есет батыр ауылындағы орта мектеп ғимаратына құны 368 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар,  Жалағаш кентінен құны 420 млн. теңгені құрайтын 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру  жоспарлануда.


Ағымдағы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Таң ауылынан жаңадан дәрігерлік емхана құрылысы салынуда. Сонымен қатар, 2022 жылы Есет батыр және Мырзабай ахун ауылдарынан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге облыстық  бюджет есебінен қаржы бөлінгенің жеткізіп, ауданның өкілді және атқарушы органдарының  бірлесе атқарар міндеттері зор екенің, алдағы уақытта да халық сенімін ақтау жолында жұмыс жүргізетінімізді жеткіздік.


          Кездесулерде аудан тұрғындары яғни сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізіп,  бақылауда ұстайтынымызды айттық.
 
 
Кенжебаев Ахан Алтынбекұлы 

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan тиісті салалық бағдарламалардың орындалуы мен бюджеттің атқарылуына қатысты мәселелермен байланысты болды.» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары
22 қараша 2021 ж. 189 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930