» » Қызылордада дарияға жеңіл көлік батып кетті

Қызылордада дарияға жеңіл көлік батып кетті


29 қараша күні түнгі сағат 03:58-де Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы Рисмаш шағын ауданы маңындағы бөлігіне автокөлік түсіп кетті. Көлікте 2 адам болған. Бұл туралы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Хабарлама келіп түскеннен соң су асты іздестіру жұмыстары басталды. «DAEWOO NEXIA» автокөлігінде 2 адам болған. Жолаушы 1994 жылы туған азамат өз күшімен сыртқа шыққан. Көлік жүргізушісі 1994 жылы туған азамат автокөлік ішінен шыға алмай қалған. Сағат 09:22-де автокөлік судан шығарылып, жүргізушінің денесі туыстарына тапсырылды», – делінген хабарламада.

Су астындағы іздестіру жұмыстарына 17 құтқарушы 4 техникасымен, 1 жүзу құралымен атсалысты.

Департамент қызметкерлері автокөлікте барынша қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда сақ болуды, мүмкіндігінше түнде жолға шықпауды сұрайды.

29 қараша 2021 ж. 291 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30