» » ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ: БОЛАШАҚҚА ЖАРҚЫН БАҒДАР

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ: БОЛАШАҚҚА ЖАРҚЫН БАҒДАР

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа маңызды үндеу жолдады.

Осыған орай «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Дарын» бастауыш партия ұйымында жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен танысып, тұғырларды түсіну маңызы талқыланды. Елбасы ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидатын насихаттау бағытында партия филиалы жанынан құрылған ақпараттық насихаттық топ мүшелері Қызылорда облыстық маслихат хатшысы Н.Байқадамов, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Танбаевалар Жалағаш ауданында болды.

Жиынды Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева жүргізіп отырды. Алғы сөз Қызылорда облыстық маслихат хатшысы Н.Байқадамовқа берілді.

«Отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасының жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында басты құндылықтар қамтылған. Бірінші тұғырда Елбасы тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық екенін басты назарға ала отырып, тамыры терең тарихымызға құрметпен қарауға, мемлекетімізді қадірлеп, құрметтеуге шақырады», - деді Н.Байқадамов

Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Мұстафаева жеті тұғырдағы айтылған әрбір бағыт болашаққа жол көрсететінін айтты. Осындағы әрбіріміз осы қағидаттарды халыққа жеткізіп, түсіндіруіміз керек - деді.

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаты бойынша жиынға қатысушыларға «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Танбаева және «Nur Otan» партиясы атынан сайланған аудандық маслихат хатшысы Г.Құрманбаева сөз сөйледі.

Аталған жиынға «Nur Otan» партиясы атынан сайланған Қызылорда облыстық маслихат депутаты Ж.Үздембаев, Жалағаш аудандық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Ұ.Тәжібаева, А.Кенжебаев, Ж.Тәттібаев, Қ.Досымов және Е.Базарбайлар қатысты.

«Nur Otan» - еліміздің басты партиясы ретінде қалыптасқан 20 жыл ішінде ол қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және Тәуелсіздігімізді нығайту бойынша ауқымды реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

06 желтоқсан 2021 ж. 301 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930