Пиротехниканы қолданғанда нені ескеру керек?
Осыған байланысты елорда аумағында 15 желтоқсан мен 12 қаңтары аралығында «Пиротехника-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты халықпен пиротехникалық бұйымдарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және әкелу ережелері, сондай-ақ сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізу.
Елорда әкімдігі қала тұрғындарына пиротехниканы пайдаланудың негізгі ережелері туралы еске салады:
- пиротехниканы күмәнді сатушылардан сатып алмаңыз (көше сөрелерінен, өткелдерден);
- балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз;
- қаптамадағы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз;
- пиротехниканың жарылуы кезінде қашықтықта болыңыз;
- ешқандай жағдайда жабық үй-жайда пиротехниканы пайдаланбаңыз;
- көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан тыс, бірақ кемінде 20 м қашықтықта болуы тиіс;
- білтені созылған қол қашықтығында тұтату керек;
- жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тыйым салынады.