ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жалағашта аудандық полиция бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 15 желтоқсанда бастау алған шара қаңтар айының 3-іне дейін жалғасады. Мақсаты сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді айналымнан шығару, сондай-ақ заңсыз сату және сақтау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу болып табылады.
Айта кетейік, пиротехникалық бұйымдарды лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғаларға сатуға қатаң тыйым салынады. Сондықтан аудандық полиция бөлімі анықталған фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын айтады.
Іс-шара барысында қос бөлімнің қызметкерлері аудан орталығындағы бірқатар дүкенді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар шара барысында сауда орталықтарының иелеріне пиротехникалық заттарды кәмелет жасқа толмағандарға сатуға болмайтынын жеткізді.
Ерлан Созақбаев