Жаңа жыл мерекесі кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық
Жаңа жыл мерекесі шыршасымен қызықты. Бұл күні аудан көлеміндегі барлық мектептерде, балабақшаларда, мекемелерде, мәдениет үйлерінде жаңа жылдық іс шара өткізіледі. Сонымен қатар тұрғын үйлерде шыршаны безендіруде және мерекені өткізу кезінде бірқатар сақтық шараларын қолданбаса, абайсызда өрт шығуы мүмкін.
Осы орайда, жаңа жылдық іс шара кезінде сақталуға тиісті өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге салайық. Мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, мекеме, ұйым басшылары, іс шара өтетін орындардың басшылары сол жердің өрт жасақшылырын бұйрықпен бекітіп, кезекшілік ұйымдастыру қажет. Жаңа жылдық іс шара басталар алдында мекеменің, ұйымның өрт қауіпсіздігіне жауапты қызметкері арнайы өртке қарсы нұсқаулығынан өтіп, жаңа жылдық іс шара өтетін орынның мекен-жайын, уақытын өрт сөндіру бөліміне 101, 112 немесе 31-2-07 телефон нөмірлері арқылы хабарлауы міндетті. Мерекелік жиын өтетін орынның қауіпсіз сыртқа шығатын қосалқы эвакуациялық есіктері кілтсіз оңай ашылып, жабылып тұруы тиіс. Шырша орнатылғанда, оның шашақтары өтілетін орынның төбесіне жанаспай, қабырғадан 1-1,5 метр қашықтықта орнатылады. Шыршаға электр жүйелерін жүргізу, шамдарын орнату, тек қана кәсіби электр маманы жүргізуі тиіс. Өйткені электр жүйелері дұрыс таралмаған жағдайда өрт шығуы әбден мүмкін. Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алу кезінде Қытайдың және шет елдерден әкелінген заңсыз, лицензиясы жоқ жанғыш, жарылғыш заттарды, бенгаль от шашуларын пайдалануға және басқа да өрт шығаратын заттарды (пиротехникалық бұйымдарды) қолдануға қатаң тиым салынады.
Жаңа жылдық іс шара басталар кезінде жақын бөлме алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарымен жабдықталуы тиіс. Өрт болған жағдайда дереу 101, 112 телефон нөмірлері арқылы хабарласыңыздар.
Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтайық және жаңа жылды қауіпсіз қарсы алайық! Сонымен қатар Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 31-2-07 сенім телефоны жұмыс жасайтынын ескертеміз.
Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі