» » Қазақстан қанша мемлекетпен визасыз режим орнатты?

Қазақстан қанша мемлекетпен визасыз режим орнатты?

Қазақстан қанша мемлекетпен визасы режим орнатқан? Бұл сұраққа ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің қызметкерлер көші-қон қызметін бақылауды жүзеге асыруда заң нормаларын қатаң ұстанады. Яғни ел азаматтарының ғана емес, сондай-ақ шетел азаматтарының да құқығы мен мүддесін қатар қорғайды. Бұл Қазақстанды әлемдік қоғамдастықта қауіпсіз ашық құқықтық мемлекет ретінде көрсетеді. Және еліміздің туристік ықпалын арттырып, инвестиция тарту мүмкіндігін кеңейте түседі. Бүгінде көші-қон процесі тез өзгеріп отырады. Дегенмен уақытылы қабылданған құқықтық-нормативтік заңнама оны реттеуге оң септігін тигізіп жатыр. Әлемдік көші-қонда біздің елдің геосаяси маңызы ерекше. Әсіресе мигранттар ағыны Орталық Азия елдері, Ресей мен Қытайға тиесілі», – деді Мұрат Баймұқашев ҚР Парламенті Мәжілісінде жасаған баяндамасында.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір шетел азаматтары үшін Қазақстанға келуге виза талап етіледі.

«Бүгінде Қазақстан 73 мемлекетпен визасыз режим орнатты. Атап айтқанда, 19 мемлекеттің азаматы елімізге жалпыазаматтық төлқұжат арқылы келе алады. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері де бар. Ал 54 мемлекетпен біржақты тәртіптің негізінде визасыз режим орнатылды. Оның қатарына экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері жатады», – дейді ол.
29 желтоқсан 2021 ж. 181 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930