» » Әлия Әбдіқайымова: Мереке күндері де санитарлық талаптар сақталуы қажет

Әлия Әбдіқайымова: Мереке күндері де санитарлық талаптар сақталуы қажет

 Мереке күндері облыс бойынша құрылған 167 жұмысшы топ карантин талаптарының сақталуын бақылайтын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

Аймағымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты.

«COVID-19» бүгінгі күнге дейін бірнеше рет мутацияланды, түрлі штамдары пайда болды. Жүйелі түрде жүргізілетін толық геномды секвенирлеудің нәтижесі бүгінгі күні айналымда «дельта» штамының басым екендігін көрсетіп отыр және елімізде «омикрон» штамы анықталған жоқ. Карантиндік шаралардың кезең-кезеңімен жеңілдетілгеніне қарамастан әлі де бірқатар шектеулердің бар екендігін ұмытпаған жөн. Мереке күндері облыс бойынша құрылған 167 жұмысшы топ карантин талаптарының сақталуын бақылайтын болады. Сондықтан түсіністік танытып, талапты жауапкершілікпен орындауды сұраймыз, – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Мереке күндері тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, дайын өнімдердің дұрыс сақталмауы, тағамдарды дайындау процесінде жеке гигиена қағидаларының орындалмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдері улануға әкеп соғады. Сондықтан мамандар сақ болуды ескертеді.
29 желтоқсан 2021 ж. 187 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930