» » Қызылордада қатты отын қоры жеткілікті

Қызылордада қатты отын қоры жеткілікті


Қызылорда облысында жылу беру маусымы жалғасуда. Облыс тұрғындары және әлеуметтік нысандарға көмір, дизель отыны толық жеткізілген. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Тұрғындар үшін аудан орталығындағы қоймаларда барлығы 10 мың тоннадан аса көмір қоры бар. Облыстағы коммуналдық мекемелер штаттық режимде жұмыстарын жалғастыруда. Берілетін жылу температурасы сыртқы ауа температурасына байланысты бекітілген графикпен беріліп жатыр. Сондай-ақ, аймақатғы қатты отын қорын қамтамасыз ету үшін 57 вагон көмір осы айдың соңына дейін жеткізілетін болады», – деді басқарма басшысы.

Жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

«Бүгінде Қызылорда облысында 142 автогаз құю бекеті бар. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы сату 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды. Қызылорда облысы үшін шалғайдағы аудандарды қоспағанда, бағасы 1 литр үшін 60 теңге, облыс орталығынан шалғайдағы аудандар үшін 1 литр үшін – 65 теңге. Қазіргі таңда, облыста 2450 тонна сұйытылған газ көлемі бар», – деді Ерлан Жаңабаев
20 қаңтар 2022 ж. 66 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930