» » "Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығы президенті Айнұр Қарбозова қызметінен кетті

"Болашақ" Халықаралық бағдарламалар орталығы президенті Айнұр Қарбозова қызметінен кетті

Айнұр Қарбозова Болашақ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті ретіндегі жұмысын аяқтады. Бұл туралы Қарбозованың өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


“Осы аптада мен ХБО-дағы жұмысты аяқтадым. Менің ХБО-дан кетуім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Болашақты” қайта бағдарлау қажеттілігі туралы тапсырмасы аясында орын алғаны өте өкінішті.

Мен кету туралы шешімді ертерек қабылдағанымды нақтылағым келеді және бұл маған ХБО президенті ретінде екі жарым жыл ішінде қанша оң өзгерістер енгізгенімді ескергенде оңай тиген жоқ”, – деді ол.

Қарбозова жетекші ретінде осы жұмыс орнында күнімен-түнімен жүргенін атап өтті.

“Әріптестерімнің, стипендиаттардың, түлектердің есінде 24/7 қолжетімді, жұмыс орнында күнімен-түнімен жүретін жетекші ретінде есте қалсам деймін. Қол жеткізілген сапалы өзгерістерге қатысқандардың барлығына тағы да алғысымды білдіремін”, – деді ол.

Еске салсақ, жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алдағы білім беру реформалары және "Болашақ" бағдарламасына қатысты түбегейлі өзгерістер болатынын, "Болашақ" бағдарламасы қайта бағдарланатынын айтқан еді.

24 қаңтар 2022 ж. 107 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031