» » Қасым-Жомарт Тоқаев: "Өскелең ұрпақтың амандығына аға буын жауапты"

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Өскелең ұрпақтың амандығына аға буын жауапты"

Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы", - деп жазды Twitter-дегі парақшасында мемлекет басшысы.
Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1949 жылы қарашада белгіленген 1 маусымда аталып өтеді. 
Балаларды қорғау күні ересектердің назарын балалардың пікір бостандығына, білім алуға, зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқығынан қорғауға аудару мақсатында өткізіледі. Ата-аналар мемлекет сияқты балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауы және сақтауы тиіс. Бұл туралы БҰҰ 1959 жылы қабылдаған Бала құқықтары декларациясында көрсетілген.

01 маусым 2020 ж. 583 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 059

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031