Гүлшара Әбдіқалықова: Жобаны талқылау кезінде азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік субъектілерінің пікірі маңызды
21 қаңтарда Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесіп, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажеттігін атап өтіп, жемқорлыққа қарсы кешенді тұжырымдама әзірлеуді тапсырған болатын. Президент бірінші кезекте қарапайым халықтың, кәсіпкерлердің мүдделері ескерілуі тиіс екенін айтты.
Осы ретте, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы жобасын аймақтың бизнес өкілдерімен талқылап, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Яғмұсов, департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова және облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов және салалық басқарма басшылары мен өңірдегі бизнес өкілдері шақырылды. Ал қала және аудан әкімдері онлайн селекторлық байланыс арқылы қатысты.
Кездесуде аймақ басшысы сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, елдің инвестициялық тартымдылығын жоятынын тілге тиек етіп, келеңсіз құбылыспен күресте мемлекет пен қоғам күш-жігерін біріктіруі керектігін айтты.
Басқосуда Ғалия Әлімқұлова талқылауға түскен жобадағы басым бағыттарды тізбелеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы істе себеппен емес, салдарды анықтаудың маңызды екенін тілге тиек етті. Тұжырымдаманы әзірлеуде шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттар ескерілген. Әсіресе, «тұрмыстық» жемқорлықты жоюға, бюджеттік рәсімдер мен сатып алу тәртібінің ашық болуына, мемлекеттің экономикаға әсері мен әкімшілік кедергілерді азайту принциптері енгізілген. Тұжырымдамада нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы көзделген. Бірінші блокта – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру айқын көрсетілген. Екінші блоктағы шаралар сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға бағытталған. Үшінші блок жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге үндейді. Төртінші блок – бұл азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөніндегі шараларды қамтыса, бесінші блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мониторингіне арналған. Ал соңғы блок сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Мұнан соң кездесуге шақырылған бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген тұжырымдама төңірегінде ойларын айтып, пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов жемқорлық тәуекелдері жиі кездесетін салаларды атап, кәсіпкерлер кездесетін қиындықтарды айтты.
Жиынды қорытындылаған өңір басшысы дәйекті ұсыныстарды саралап, орталық Агенттікке жолдауды тапсырды.

«Бүгінгі күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және оған қарсы саясатты одан әрі дамыту осы құжаттың аясында жүргізілетін болады. Тұжырымдама жобасын талқылау кезінде азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік субъектілерінің пікірі маңызды. Сондықтан да өз ұсыныстарыңызды тыңдау үшін жиналдық», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.